ШҚО-да тергеу изоляторына смартфонды бөлке нанның ішіне жасырып өткізбек болған
© Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында тергеу изоляторында отырған азаматқа сәлемдеме ретінде келген бөлке нанның ішінен ұялы телефон табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде 22 жастағы азамат смартфонды тергеу изоляторына жеке мақсатта пайдалану үшін тергеудегі досына кіргізуге тырысқан. Мекеме қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі.
"Аталған факт бойынша мекеме қызметкерлері алдын ала ескерткен азамат А-ға қатысты тергеудегі және сотталғандарға тыйым салынған заттарды кіргізуге және беруге жол бермеу туралы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды", - деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Дәулетбек.
Бұған дейін ШҚО-да есірткі заттарын колонияға өткізбек болған екі азамат ұсталып, сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 25 ақпан 2026
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін енді онлайн ауыстыруға болады
-
22:11, 25 ақпан 2026
Желіде Ақтаудағы мектептердің бірінде түсірілген видео тарап, директор жазаға тартылды
-
21:23, 25 ақпан 2026
Астанада оқушылар тағы да қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
-
21:16, 25 ақпан 2026
«Қар, боран, көктайғақ». Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:50, 25 ақпан 2026
UFC Ақ үйдегі турнирді ұйымдастыруға 60 млн доллар шығындамақ





