Бельгиялық шоколадтан жасалған пойыз Гиннестің рекордтар кітабына енді

13:16, 26 ақпан 2026

© Сурет: guinnessworldrecords

Бір локомотив пен 22 вагоннан тұратын шоколадты пойызы Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, ұзындығы 55 метр болатын көне үлгідегі шоколадты пойыз Мальта республикасында жасалған. 22 вагонның әрқайсысының салмағы 160 келіге дейін жетеді.

Сурет: guinnessworldrecords

Осылайша мальталық шоколад әзірлеушісі Эндрю Фарруджиа өзінің үшінші Гиннес рекордын жаңартты. Ол және оның командасы бұл жобаға бір жыл дайындалған. Ал тікелей өндіру процесі төрт айға созылған.

Сурет: guinnessworldrecords

Шебер пойыздың әр бөлшегін алдымен саз балшықтан қалыптап, кейін сол үлгілер бойынша шоколадтан құйған. Соңында барлық бөлшектер құрастырылған. Жалпы алғанда, тәтті пойыз үшін шамамен бес мыңға жуық бөлшек қолмен ойылып жасалған.

Сурет: guinnessworldrecords

Шоколадты пойыз Милан қаласындағы көрмеге қойылды. Алайда рекордтық ұзындығына байланысты оны тасымалдау оңай болмаған. Сондықтан Италия астанасына жеткізу – жобаның ең жауапты әрі тәуекелді кезеңі болған.

Сурет: guinnessworldrecords

"Әрбір бөлшекті мұқият полиэтилен қабықшасына орауға тура келді. Барлық конструкция аман-есен жеткенін және бірде-бір бөлік зақымданбағанына шексіз қуандым", – деді Эндрю Фарруджиа.

Бұған дейін McDonald's-тің Рамазан айында Германиядағы билбордтардан тағам бейнесін уақытша алып тастағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!