Алматыда Сайран көлінің ортасында қалып кеткен ит төтеншеліктерді әбігерге салды
© Сурет: pexels
Алматы қаласының тұрғындары Сайран көлінің ортасында қалып кетіп, мұзды суға батқан итті көріп, оған көмектесу үшін төтеншеліктерге қоңырау шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының құтқарушыларына бүгін, 2026 жылы 25 ақпанда Әуезов ауданындағы Сайран көлінде иттің мұзды суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жедел түрде Төтенше жағдайлар департаменті мен қалалық құтқару қызметінің қызметкерлері жіберілді. Олар жануардың су айдынының мұз қатқан бетінде қоршаудың ар жағында қалып кеткенін, ол арадан өздігінен шыға алмай тұрғанын анықтады.
"Құтқарушылар қажетті жұмыстарды жедел жүргізіп, арнайы құрал қолданбай, итті абайлап ұстап, қауіпсіз жерге шығарды. Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында жануар аман қалды". Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі
Бұған дейін Таразда пәтерінде 20 мысық асыраған әйелге айыппұл салынуы мүмкін екені хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 25 ақпан 2026
UFC Ақ үйдегі турнирді ұйымдастыруға 60 млн доллар шығындамақ
-
20:30, 25 ақпан 2026
Қазақстанда халықаралық бірнеше әуе бағыттары ашылады
-
20:30, 25 ақпан 2026
Қазақстанда бірнеше шетелге жаңа әуе бағыттары ашылады
-
19:58, 25 ақпан 2026
Петропавлда сүйіктісі ер адамды теледидар пультімен сабап өлтірген
-
19:48, 25 ақпан 2026
Қарағанды тұрғындарын 20 миллион теңгеге алдап, ізін суытқан алаяқ ұсталды





