Астанада құрылыс салушылардың ұзақ жылдар бойы заңды белден басып келгені анықталды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласының прокурорлары "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға қайшы, сыртқы инженерлік желілерге қатысты құрылыс салушылар тарапынан жаппай бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы құзырлы орган 2026 жылы 25 ақпанда хабарлады.
"Елорда прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйлердің едәуір бөлігінің құрылыс салушылары аталған заң талаптарын сақтамағаны және ұзақ уақыт бойы сыртқы инженерлік желілерді қаланың коммуналдық меншігіне беруді жүзеге асырмағаны анықталды. Көрсетілген міндеттің орындалмауы сумен, электрмен, жылумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұрақсыз жұмыс істеуіне әкеліп соқты. Осының салдарынан азаматтардың коммуналдық қызметтер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жүгіну саны артты, сондай-ақ инженерлік желілердің тиісті теңгерім ұстаушысының болмауы олардың уақытылы техникалық қызмет көрсетілуіне және жөндеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірді". Астана қаласының прокуратурасы
Нәтижесінде қазіргі таңда Астана қаласының прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі негізінде 46 көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері коммуналдық меншікке беріліп, тиісті қызметтердің теңгеріміне қойылды. Бұл шаралар инженерлік желілерге тиісті техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, апаттылық деңгейін төмендетуге, жоспардан тыс ажыратуларды барынша азайтуға, сондай-ақ елорда тұрғындарына коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі сапалы көрсетілуіне мүмкіндік берді.
Бұған дейін прокуратура Алматыдағы автобус парктерінен өрескел бұзушылықтарды анықтағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:58, 25 ақпан 2026
Петропавлда сүйіктісі ер адамды теледидар пультімен сабап өлтірген
-
19:48, 25 ақпан 2026
Қарағанды тұрғындарын 20 миллион теңгеге алдап, ізін суытқан алаяқ ұсталды
-
19:34, 25 ақпан 2026
Жамбыл облысында жұмыс берушінің кесірінен шетелдік ерлі-зайыптылар сот залынан бір-ақ шықты
-
19:22, 25 ақпан 2026
Алматыда Сайран көлінің ортасында қалып кеткен ит төтеншеліктерді әбігерге салды
-
18:56, 25 ақпан 2026
Қазақстанның басым бөлігінде күн аяздап, қар жауатыны болжанады





