Абай облысында 64 елді мекенді су басу қаупі бар
© Фото: primeminister.kz
Абай облысында 64 елді мекенді су басу қаупі бар. Жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті мамандары осындай болжам жасап, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тасқын қатері бар аумақтарда 42 мыңнан астам адам тұрады. Қазірдің өзінде 22 елді мекенде қауіп деңгейі едәуір төмендетілген, деп жазады qazaqstan.tv.
"Қазгидромет" болжамына сәйкес, биыл Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті аудандары жоғары тәуекел аймағында тұр.
Сондықтан ауыл маңындағы қорғаныс бөгеттері жөнделіп, арықтар тазаланып жатыр. 25 бөгет орнатылған. Өзен арналары бекітілген.
Ертіс пен Үлбі арналарын тікұшақпен бақылап, мамандар мониторинг жасаған.
Сақтықта қорлық жоқ. Өңірде тасқын бола қалған жағдайда қажет техника, құрал-жабдық пен мамандар дайын.
Дайындық жақын күндері "Көктем-2026" республикалық оқу-жаттығуында тағы пысықталмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:15, 26 ақпан 2026
Венецияда ағайындылар бойжеткенді қорғамақ болған жігітке суық қарумен шабуыл жасады
-
14:05, 26 ақпан 2026
Ресейде екі ер адам полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған
-
13:54, 26 ақпан 2026
Собчак Таиландта өткен Сабуровтың концертіне қатысты
-
13:46, 26 ақпан 2026
БҚО-да полиция ірі көлемдегі берешегі бар азаматты анықтады
-
13:39, 26 ақпан 2026
Қостанай облысында жыл басынан бері 150-ден астам адам қызылша жұқтырған





