«Қар, боран, көктайғақ». Бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

21:16, 25 ақпан 2026

© Сурет: freepik

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 26 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қалың қар жауып, көктайғақ болады деп күтіледі. 26-27 ақпанда облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. 26-27 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 26 ақпанда күндіз тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қызылорда облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде облыстың орталығында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), ал облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, шығысында, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Қызылордада 26 ақпанда күндіз және түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман болады, түнде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Аягөз ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түркістан облысында жауын-шашын, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, ал облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы болып, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус аяз болады. Шымкентте 26 ақпанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 7-9 градус жылы болады. Түркістанда 26 ақпанда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 5-7 градус жылыны көрсетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қалың қар жауады, облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 26 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 26 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде қалың қар жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар) болып, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тоқтаусыз қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 24-29 м/с дейін жетеді. Алматыда 26 ақпанда күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с. Қонаевта 26 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 26 ақпанға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялаған болатын. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде күн аяздап, қар жауатыны болжанады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!