Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Бұл туралы Ұлттық банк 20 қарашада ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4-уі болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады.
2025 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
- 17 қаңтар
- 7 наурыз
- 11 сәуір
- 5 маусым
- 11 шілде
- 29 тамыз
- 10 қазан
- 28 қараша.
"Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді". ҚР Ұлттық банкі
Айта кетсек, Ұлттық банк алдында базалық сыйақы мөлшерлемесі бойынша шешімін 2024 жылғы 11 қазанда жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:20, 20 қараша 2024
Алматы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы жаңадан тағайындалды
-
11:45, 20 қараша 2024
Қазақстан халықаралық банктен 84,9 млрд йенді құрайтын тағы бір заем алғалы жатыр
-
11:29, 20 қараша 2024
Астана, Алматы, Шымкент. 20 қарашаға арналған валюталар бағамы
-
11:21, 20 қараша 2024
Алматыда орташа жалақы мөлшері қанша
-
11:07, 20 қараша 2024
Мәжіліс депутаттары «Акваөсіру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады