19 қарашадағы саудада доллар аздап арзандады
© Фото: pexels
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 19 қарашада сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 497,26 теңгені құрады.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,65 теңгеге (-0,03) дейін төмендеді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 498,1-500,1 теңгеге, еуро 524,5-529 теңгеге, ресей рублі 4,91-5,03 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 19 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы да төмендеп жатыр.
Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,22%-ға төмендеп, барреліне $73,14 құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,32%-ға арзандап, барреліне 68,95 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 497,89 теңге, еуроны 525,12 теңге, рубльді 5 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:35, 19 қараша 2024
19 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
16:00, 18 қараша 2024
Айырбастау пункттерінде доллар бағамы 500 теңгеден асты
-
12:07, 18 қараша 2024
18 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:25, 15 қараша 2024
15 қарашадағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
16:50, 14 қараша 2024
14 қарашадағы саудада доллар қайтадан қымбаттады