Тоқаев Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесіне барды

21:05, 19 қараша 2024

© Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы "Батайница" аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сербия – әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты бойынша аймақтағы көшбасшы ел. Қазір Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері әлемнің 70 мемлекетіне, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Болгария, Индонезия сияқты елдерге жеткізіледі.

Көрме, Сербия, әскери өнеркәсіп, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 21:05

Сурет: akorda.kz

"Көрмеде құрлық әскерінің жауынгерлік техникаларының, сербиялық қару-жарақпен жабдықталған тікұшақтардың, әуе қорғанысы жүйелерінің, атыс қаруларының, артиллериялық және басқа да оқ-дәрілердің, миналар мен минометтердің үлгілері ұсынылған", делінген Ақорда хабарламасында.

Көрме, Сербия, әскери өнеркәсіп, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 21:05

Сурет: akorda.kz

Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады.

Әскери көрме, Сербия, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2024 21:05

Сурет: akorda.kz

Бұған дейін 2024 жылы 19 қарашада жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін Қазақстан мен Сербия президенттері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізгені белгілі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!