Қазақстан халықаралық банктен 84,9 млрд йенді құрайтын тағы бір заем алғалы жатыр
© Сурет: flickr/Stockphotokun
Мәжіліс депутаттары 20 қарашада палатаның жалпы отырысында экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тағы бір халықаралық инстиуттан қарыз алуды көздейтін заң жобасын қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай норма "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы "Қарыз туралы келісімді ("Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі" даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз") ратификациялау туралы" заң жобасында қамтылған. Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева аталған құжат Үкіметтің қаулысымен 2024 жылғы 18 қарашада енгізілгенін атап өтті.
"Аталған келісім Астанада 2024 жылдың 11 қазанында жасалды. Халықаралық Қайта құру және даму банкі Қазақстан Республикасына өтеу мерзімі 11 жыл болатын 84,9 млрд иен сомасында қарыз ақша береді. Қарыз қаражаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін тартылды. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытындыны дайындауға дайын", - деді ол.
2024 жылғы 13 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін 105 млрд иеннен астам сомаға екі халықаралық қаржы ұйымынан қарыз ақша тартуды көздейтін заңның екі жобасын қарауға алғаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:51, 20 қараша 2024
Бас прокуратура Оқу-ағарту министрлігінің жұмысын сынға алды
-
13:25, 20 қараша 2024
Сыр өңіріне 1.4 трлн теңге инвестиция тартылды
-
13:02, 20 қараша 2024
Ел аумағынан балықтың кейбір түрлерін әкетуге тыйым салу ұзартылады
-
12:42, 20 қараша 2024
Қазақстанның бүкіл өңірінде 21 қарашада дабыл белгісі қосылады
-
12:36, 20 қараша 2024
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім қалыптасты