Украина азаматы омбудсменнің Шымкент бойынша өкілінен көмек сұрады
© Сурет: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі)
Украина азаматы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкіліне көмекке жүгінген. Айтуынша, ер адам мүгедектікке қатысты құжатын рәсімдеуде проблемаларға тап болған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Омыртқа ауруына байланысты ІІІ-топтағы мүгедектігі бар шетелдік азамат туған жеріне барып қайтқан. Алайда ол Қазақстанға көшкен кезінде бұл құжаттарын жоғалтып алған.
Ер адам өтінішінде жергілікті емханада емделіп жатқанын, оның тұруға рұқсаты бар екенін алға тартқан. Бірақ қолданылған хаттаманың ойдағыдай нәтиже бермей жатқанын жеткізген. Енді оған білікті медициналық көмек пен мүгедектікті анықтауға медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) алу үшін дәрігерлік тексеруге жолдама қажет. Сонымен қатар өтініш берушінің көру қабілеті де төмен екенн. Оның сол көзі мүлдем көрмейді, оң көзінде көру қабілетінің 30 %-ы ғана сақталған.
Уәкілдің аймақтағы өкілі көрсетілген фактілерді тексеріп, содан кейін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына өтініш жолдаған.
Нәтижесінде өтініш берушіге уақытша тұрғылықты жері бойынша емханада толық медициналық тексеруден өтуге және қаралуға, сондай-ақ стационарлық ем алуға мүмкіндік берілді.
"Сараптама қорытындысы бойынша ер адам Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша МӘС департаментіне одан әрі сараптамадан өтуге жолдама алды. Оған 5 жыл мерзімге І-топтағы мүгедектік тағайындалды", - деп хабарлады Адам құқықтары жөніндгі уәкілдің баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:22, 18 қазан 2024
Алматының Түрксіб ауданының жолдарында биыл 160 «Сергек» камерасы орнатылды
-
10:16, 18 қазан 2024
Бокстан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы шаршы алаңға қайта оралмақ
-
10:05, 18 қазан 2024
Камила Берліқаш дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
10:00, 18 қазан 2024
Международный ПЛАС-Форум Digital Kazakhstan – уже через 2 недели в Алматы!
-
09:57, 18 қазан 2024
Алматыдағы Түрксіб ауданының бюджеті биыл 23,5 млрд теңгеге дейін өсті