ҰҚК әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады

09:19, 29 ақпан 2024

© Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2024 жылғы 28 ақпанда ҰҚК покуратура органдарының үйлестіруімен және полицияның көмегімен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін күдіктелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған.

"Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде." ҰҚК баспасөз қызметі

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!