Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасады

17:38, 22 қыркүйек 2024

© Сурет: olympic.kz

Еркін күрестен Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сүйіктісіне ұсыныс жасап, некелерін мешітте қидырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы күні кеше әлеуметтік желіде жарияланған видеодан белгілі болды.

Тик-Токтағы Гульяр Жолдасбекованың парақшасында спортшының қызға ұсыныс жасаған, сондай-ақ қалыңдығымен бірге мешітте болған сәттерінің әрі неке қию құжатының суреттері жарияланды.

Неке қию рәсімі, мешіт, Ризабек Айтмұхан, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2024 17:38

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Айта кетсек, 2023 жылы спортшы отандық телеарналардың біріне берген сұқбатында жүріп жүрген қызы бар екенін, бірақ үйленуге әкесі рұқсат бермегенін айтқан еді.

"...Бір сұқбатымда қалыңдығым бар екенін айтып қаламын, содан іштей оған өкіндім, өйткені бұл әлі пісіп-жетілмеген мәселе болатын. Әлем чемпионатынан оралғаннан кейін үйленсем деген ойым болған ғой. Бірақ үйге келгенде алдымнан шыққан әкем қолымдағы медальды жұлып алды да: "Қайдағы тойды айтып жүрсің? Олимпиадаға дайындал одан да!", - деді. Сонымен іс бітті", деген еді сол кезде "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында Ризабек Айтмұхан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!