ҰҚК Алматы қалалық ҚАЖД қызметкерлерінің ұсталғаны туралы айтты

13:15, 10 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2024 жылдың 10 қыркүйегінде маңызды мәлімдеме жасады. Бұл Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) қызметкерлерінің ұсталуына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Лауазымды адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктелуде.

Сот санкциясымен 3 қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды." ҰҚК баспасөз қызметі

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!