Петропавлда полицейлер зейнеткерді 3 миллион теңге шығыннан құтқарды
© Фото: freepik
Петропавлдық 63 жастағы зейнеткер интернет-алаяқтардың құрбаны бола жаздады. Оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін күш құрылымдарының бірінің қызметкерлері ретінде таныстырған.
Олар қала тұрғынына оның банктік шотына алаяқтар күмәнді операция жүргізіп жатқанын және сол істі тергеп жатқанын айтып сендірген.
Тұтқаның арғы жағындағылардың айтуынша, бұл қолсұғушылықты тоқтату үшін әйел барлық жиған-тергенін басқа банктегі "қауіпсіз шотқа" аударуы тиіс болған.
Бұны естіген қала тұрғыны қылмыскерлердің нұсқауларын орындау үшін көрсетілген банкке 3 миллион теңге сомасында қолма-қол ақша алып бара жатқан.
Бірақ бұл ақшаны банкомат арқылы қалай аудару керек екенін білмеген. Банкоматқа бара жатып, полиция бекетін көрген.
Асыққан әйел бекеттің ішінде отырған полиция қызметкеріне көмек сұрауды жөн көрген. Модульде кезекшілікте отырған патрульдік полиция батальонының инспекторы Алмат Мұхаметқалиев зейнеткерді тыңдап, хабарласқан әлдебіреулер алаяқтар екенін айтқан.
Бірден жедел тергеу тобын шақырды. Бұл факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Осылайша тәртіп сақшысы қылмыстың алдын алды.
Полицейлер бөгде адамдардың нұсқауы бойынша қаржылық операцияларды орындауға болмайтынын еске салады және адамдардан қарт туыстарына алаяқтықтың қаупі туралы ескертуді сұрайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:16, 18 қыркүйек 2024
Wildberries кеңсесіндегі қантөгіс: Татьяна Бакалчук күйеуіне видео үндеу жолады
-
22:51, 18 қыркүйек 2024
Қарағанды облысында бұзаулар жаппай қырылып, қыстақ карантинге жабылды
-
22:11, 18 қыркүйек 2024
Шымкентте жалдамалы пәтерден үндістандық екі студент өлі күйінде табылды
-
21:55, 18 қыркүйек 2024
Қорғаныс министрлігі еліміздің екі өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
-
21:44, 18 қыркүйек 2024
Желідегі керемет видео: Алматының тауларынан Ай сығалап қарады