Жамбыл облыстық «Қазсушар» филиалының басшысы қызметінен босатылды

18:06, 16 қыркүйек 2024

© Сурет: freepik

Ішкі аудит қорытындысына сай Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша министрліктің Ішкі аудит департаменті Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалына тексеріс жүргізген болатын. Анықталған құқық бұзушылықтарды одан әрі қарау үшін аудит материалдары ҚР Бас прокуратурасына жіберілді. Бұл жұмыстар судың "көлеңкелі" нарығымен, су саласындағы заңсыз әрекеттермен күресу және тәртіп пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуда". ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы ведомство мекеменің өзге аймақтардағы филиалдарында да тексеріс жүргізілетінін нақтылайды.

Министрлік мамандары Жамбыл облысында жүргізген аудит барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісін, сондай-ақ шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заң бұзушылықтарға жол бергенін анықтаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!