Мемлекет басшысы Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті

© Сурет: akorda.kz
16 қыркүйекте "Қазақстан-Германия" бизнес форумына дейін Қасым-Жомарт Тоқаев немістің іскерлік орта өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының пікірінше, Германияның жетекші компанияларының Қазақстанға келуі екі елдің де экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін көрсетеді.
Президент бизнесмендерге олардың компаниялары инновацияның алдыңғы шебінде келе жатқанын әрі жаһандық тұрақты даму үдерісінде негізгі рөл атқаратынын айтты.
Сонымен қатар Германия Канцлерінің сапары аясында қол қойылған келісімдер мен бірлескен бастамалар Астана мен Берлин арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестікті нығайта түсетініне сенім білдірді.
Бизнес өкілдерінің алдында Германия Федаративтік Республикасының Канцлері Олаф Шольц те сөз сөйледі.

Сурет: akorda.kz
Кездесуге Siemens Energy AG компаниясының басқарма төрағасы, Германия экономикасы Шығыс комитеті төрағасының орынбасары Кристиан Брух, CLAAS Group компаниясының басқарма төрағасы Ян-Хендрик Мор, DB E.C.O. Group компаниясының атқарушы кеңесінің төрағасы, Германия экономикасы Шығыс комитетінің Орталық Азия жөніндегі жұмыс тобының өкілі Нико Варбанофф, SVEVIND Energy GmbH компаниясының президенті, Қазақстанның Саксониядағы құрметті консулы Вольфганг Кропп, Aurubis AG компаниясының басқарма төрағасы Торальф Хааг, Siemens Healthineers AG компаниясының басқарма төрағасы Берндт Монтаг, GP Günter Papenburg AG компаниясының басқарма төрағасы Гюнтер Папенбург, HMS Bergbau AG компаниясының басқарма төрағасы Дэннис Швиндт, KfW Bankengruppe компаниясының Халықаралық қаржыландыру жөніндегі басқарма мүшесі Кристиане Лайбах, KNAUF Gruppe компаниясын басқарушы серіктестердің өкілі Александр Кнауф, Herrenknecht AG компаниясының басқарма мүшесі Мартин-Дэвид Херренкнехт, Ernst Klett AG компаниясының бас атқарушы директоры Филипп Хаусманн, Rhenus SE & Co. KG компаниясының бас директоры Тобиас Бартц қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 21 мамыр 2025
Алматыда Джей Лоның концерті өтетінін білген «Қайрат» футбол клубы аң-таң
-
22:45, 21 мамыр 2025
«Найзағай, бұршақ, қатты жел». Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:54, 21 мамыр 2025
Астанада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өтеді
-
21:44, 21 мамыр 2025
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің форумы осы саладағы ең ауқымды іс-шаралардың біріне айналды
-
20:55, 21 мамыр 2025
Ақтөбеде куәгерден ақша бопсалаған екі әскери тергеуші сотталды