U23 әлем чемпионаты: АҚШ-та өнер көрсетіп жатқан отандық балуан «алтынға» таласатын болды

17:04, 18 қазан 2026
MKZ: 1573021

© Сурет: olympic.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта Мерей Базарбаев финалға жолдама алды.

Отандасымыз жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумені 7-0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша Мерей Базарбаев алтын жүлде үшін бақ сынайды. Оның финалдағы қарсыласы түркиялық Бекир Кесер болмақ.

Бұған дейін хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері болғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!