«Тұрмысқа шығайын деп жатыр ма»: Қайрат Нұртастың әйелі үлкен қызына қатысты сауалға бірден жауап қатты

16:54, 5 қаңтар 2025

© Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Белгілі қазақстандық актриса және тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова 2025 жылдың 4 қаңтарында Instagram желісінде 16 жасар қызы Сезімге қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, Қайрат Нұртастың жұбайы тұңғышына қатысты алып-қашпа сөздерге нүкте қойды.

"Қызыңыздың жігіті болса, қандай көзқараста боласыз?", "Сезім қайда кетейін деп жатыр?", "Қандай ЖОО-ға түседі?", "Сезім тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?",- деп Әбдікәрімованың оқырмандары сұрақтарды жаудырды.

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдікәрімова жазылушыларына "сары пабликтер" оқырман санын көбейтіп, неше түрліні тақырып етіп шығара беретіндігін айтып, назын білдірді.

"Біріншіден қызымның басы оқудан, сабақтан, жобадан, тренировкадан босамайды! Екіншіден күйеу түгілі, ешқандай жігітпен жүрмейді!",- деп баса айтты Қайрат Нұртастың жан жары.

Сондай-ақ, ол қызының рұқсатынсыз қай оқу орнына түсейін деп жатқандығын айта алмайтындығын атап өтті.

Бұған дейін Ерке Есмахан отбасылық қысқы фотосессия жасап, оқырмандарын тәнті еткендігі хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!