Түркістан облысында жедел жәрдем көлігі жете алмаған шалғай ауылға құтқарушылар аттанды

10:13, 7 қаңтар 2025

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында таулы аймақта орналасқан ауылдағы шақыру орнына жедел жәрдем қызметі жете алмаған. Сондықтан ақ халаттылар төтеншеліктер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан Түркістан облысы Төле би ауданының Ұзынарық ауылында 2022 жылы туған баланы тасымалдауға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

"Аталған ауылға Леңгір қаласынан жедел құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары техникамен көмекке асықты. Шақыру орнына аман-есен жеткен құтқарушылар науқасты жедел жәрдем көлігіне жеткізіп, оны денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне табыстады", делінген 7 қаңтардағы ТЖМ хабарламасында.

Айта кетсек, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылы 6 қаңтарда қар көшкініне байланысты ескерту жасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!