Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар жаңартылды

12:23, 6 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Еңбек министрі 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрықпен жаңа редакцияда Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары:

  • Ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының нотариат куәландырған көшірмелерімен және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортымен расталатын меншік құқығында немесе жалдау шартының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды ғимараттың немесе үй-жайдың болуы.
  • арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін қажетті ғимараттардың болуы:
  • санитариалық қағидаларға сәйкес үй-жайлары бар;
  • өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес ғимараттың болуы;
  • объектілерде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның ішінде: кіру топтары, жүріп-тұру жолдары, қызмет көрсету аймақтары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, объектідегі ақпарат және телекоммуникация құралдары, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін тұрақ орындары бар қажетті ғимараттардың болуы.
  • санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтану объектісінің болуы (егер қызметтерді алушылардың тұруы көзделсе немесе алушылар объектіде 4 сағаттан артық болса). Қызметтерді алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.
  • Ұсынылатындардың тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы:
  • әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің;
  • әлеуметтік-медициналық көрсетілетін қызметтердің;
  • әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің;
  • әлеуметтік-еңбек қызметтердің;
  • әлеуметтік-мәдени қызметтердің;
  • әлеуметтік – психологиялық қызметтердің тиісті сапасын қатамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы.
  • Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларына сәйкес келетін штат нормативтерімен көзделгеннен кем емес қызметкерлер штатының болуы.
  • Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің белгіленген стандартына сәйкес келетін жатын бөлмелердің болуы.

Біліктілік талаптары қолданылмайды:

  • үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға;
  • қызмет алушылардың тұруы көзделмеген ұйымдарда қолданылмайды.

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!