Онлайн курс сатып алған астаналық 2 млн теңгеге алданып қалды
© Фото: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғыны интернеттегі онлайн курсқа жазылып, алаяқтың құрбанына айналды.
Жас жігіт өзін кәсіби маман ретінде танытып, 25 жастағы жәбірленушіге шаш үлгілерін жасау бойынша онлайн курс ұсынған.
Сонымен қатар ол шет елдермен киім саудасын жүргізуге көмектесетін мүмкіндіктер ашатынын айтып, сенім ұялатқан.
Алаяқ өз курсына қызығушылықты арттыру үшін 4 дана "Dyson" шашқа арналған аппаратын сыйлыққа беремін деп уәде еткен.
Сеніміне кірген жәбірленуші алаяқтың есепшотына шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат аударған. Курстың екі күннен кейін басталатынын естіген жәбірленуші оны бір апта бойы күтіп, ақыры алданғанын түсінеді. Ол бірден полицияға жүгінеді.
Алаяқтық әрекеттің ізін суытпай ашқан Алматы ауданының полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында бұл алаяқтықтың жалғыз оқиға емес екені белгілі болды.
Күдіктінің осындай тәсілмен тағы он адамды алдап, олардың қаржысын иемденгені анықталды. Қазіргі таңда алаяқтық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды