Елімізде 2025 жылы 190 инвестициялық жоба іске қосылады
© Фото: primeminister.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жобалардың басым бөлігі Алматы және Түркістан облыстарында іске асатынын мәлімдеді. Бұл 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүзеге асырылатын жобалардың үлкен үлесі Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіп секторының дамуына бағытталған. Сондай-ақ, инвестициялық бастамалар аймақтардағы экономикалық дамуды күшейтіп, жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етеді.
Жобалар көлік құралдарын шығару, тұрмыстық техника өндірісі және металлургия салаларында жоспарланып отыр.
Бұл ретте 2025 жылы Алматы қаласында жеңіл автокөліктер өндірісі үшін көпбрендтік зауыт салу жобасы іске қосылады. Бұл зауыттың өндірістік қуаты жылына 90 000 автокөлік болады деп жоспарлануда, ал 2 200 жаңа жұмыс орны ашылады.
Осындай зауыт Қостанай облысында да ашылады. Бұл зауыт жылына 70 000 KIA автокөлігін шығаратын болады және 1 500 жаңа жұмыс орнын ашады.
Алматы облысында тұрмыстық техника өндіретін зауыт салынады, оның жылдық өндіріс көлемі 750 000 бірлік болады деп жоспарлануда. Шымкет қаласында алюминий пакеттерін өндіру зауытының өндіріс қуатын жаңғырту негізгі жобалардың бірі болып отыр. Ал Атырау облысында жүк вагондарын шығаратын зауыт салынады. Сонымен қатар, Абай облысында сұйық өнімдерге арналған картон қаптамаларын шығару үшін іске қосылады.
Бұған дейін Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар жаңартылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 7 қаңтар 2025
Қаскелеңде әйел парфюм сататын дүкенде шыққан өрт кезінде зардап шекті
-
17:56, 7 қаңтар 2025
Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады
-
16:51, 7 қаңтар 2025
Тараздағы кафеде ішімдікке «тойып алған» жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
-
16:38, 7 қаңтар 2025
Алматының коммуналдық қызметі қар жауады деген болжамға байланысты жұмысын күшейтті
-
15:52, 7 қаңтар 2025
Қарағанды облысында интернет-алаяқтардың әрекеті тоқтатылды