Қостанайда кәсіпкер өзінің жиһаз цехында ірі көлемде гашиш пен марихуана сақтаған
© Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қызметтік итті пайдалана отырып, жиһаз цехында жасыл түсті заттарды сақтаған 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті жеке кәсіпкер бола отырып, тапсырыс бойынша жиһаз өндірумен айналысқан. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар 600 грамм гашиш және 500 грамм марихуана болып шықты.
"Айта кету керек, бұл өте ірі көлемге жатады. Бұл факт бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Есірткінің аса ірі партиясын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 8 қаңтар 2025
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Тоқаевқа 2025 жылға арналған жоспарлар туралы айтты
-
12:44, 8 қаңтар 2025
Астанада алаяқтықтың 50-ден астам дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды
-
12:32, 8 қаңтар 2025
Жамбыл облысында мыңнан астам көлік қар құрсауында қалып қойды
-
12:29, 8 қаңтар 2025
Германияда бетперде киген қандықол қылмыскер машина жасау фирмасында атыс ұйымдастырды
-
12:20, 8 қаңтар 2025
Қазақстанда 4,5 миллион адам әлеуметтік төлем алады