Солтүстік Қазақстан облысында 14 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

22:05, 23 қараша 2026
MKZ: 1579310

© Фото: Zakon.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 қарашада сағат 21:00-де "Петропавл – Соколовка – РФ шекарасы" автожолының 11–73 шақырым аралығында (Петропавл қаласынан Ресей шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ сағат 22:30-дан бастап облыстағы тағы 13 автожолда көлік қозғалысы тоқтатылды. Олардың қатарында:

  • "Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 341–473 және 492–522 шақырым аралығы;
  • "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 729–856 шақырым аралығы;
  • "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 595–946 шақырым аралығы;
  • "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы" автожолының 50–280 шақырым аралығы;
  • "Көкшетау – Рузаевка" автожолының 61–196 шақырым аралығы;
  • "Қостанай – Мамлютка" автожолының 226–406 шақырым аралығы;
  • "Петерфельд – Архангельское – Новокаменка – Жезқазған – Арқалық – Петропавл" автожолының 0–31 шақырым аралығы;
  • "Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Кирово – Қиялы – Рощинское" автожолының 0–228 шақырым аралығы;
  • "Рощинское – Корнеевка – Волошинка" автожолының 0–87 шақырым аралығы;
  • "Волошинка – Сергеевка – Тимирязево" автожолының 0–119 шақырым аралығы;
  • "Қарасай батыр" мемориалдық кешеніне кіреберіс жолдың 0–24 шақырым аралығы;
  • "Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы" автожолының 0–32 шақырым аралығы;
  • "РФ шекарасы (Қарақоға өткізу пункті) – Петропавл" автожолының 0–120 шақырым аралығы бар.

Жолдарды 24 қарашада сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!