Павлодардағы №3 жылу электр орталығының аумағында өрт шықты

19:25, 23 қараша 2026
MKZ: 1579298

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

ТЖМ құтқарушылары Павлодар қаласындағы №3 жылу электр орталығының аумағында шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде градирняның ағаш торламасының ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Павлодардағы №3 жылу электр орталығының аумағында өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 19:25

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Оқиға орнында жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылды.Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, градирняда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Оқиға өндірістік процеске әсер еткен жоқ, кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!