Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты
© Фото: unsplash
Түркістан қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз айдап әкетілген автокөлікті бірнеше сағат ішінде тауып, күдіктіні анықтады. Көлік иесі полицейлердің жедел әрі кәсіби жұмысына алғысын білдірді.
Түркістан қалалық полиция басқармасына журналист жүгініп, жұмыс орнының алдында тұрған өзіне тиесілі автокөлікті белгісіз біреу заңсыз айдап кеткені туралы арызданды. Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқиға орны мұқият тексеріліп, қаладағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлікті заңсыз айдап кеткен күдікті бірнеше сағат ішінде анықталды.
Ол жұмыссыз, Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта автокөлік айғақты зат ретінде тәркіленіп, арнайы айып тұрағына қойылды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өз кезегінде көлік иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі жедел әрекетіне ризашылығын білдірді.
"Полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысына шынайы алғысымды білдіремін. Олардың жедел әрекетінің арқасында автокөлігім аз уақыттың ішінде табылды. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровқа және іздестіруге қатысқан барлық қызметкерлерге ерекше ризашылығымды жеткіземін", – деді Айгерім Айтаханова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 8 шілде 2026
Астана халықаралық әуежайы жағымды жаңалықпен бөлісті
-
17:41, 8 шілде 2026
Қазақстан шекарасында автоцистерналар мен жүк көліктері жаппай тексерілуде - алғашқы нәтижелер
-
17:24, 8 шілде 2026
Алматыда нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
-
17:12, 8 шілде 2026
Халықтық Конституция: Ербол Қарашөкеев облыс активімен кездесті
-
16:52, 8 шілде 2026
Сот «Семавик» препаратының Қазақстан Республикасында тіркелуінің заңдылығын растады





