Берік Асылов еліміздің Бас прокуроры болып қайта тағайындалды
© Сурет: akorda.kz
Берік Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылдың 7 шілдесінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына тағайындалды".
Айта кетсек, Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.
С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің қатарында әскери борышын өтеген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.
Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.
- 1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
- 2001 - 2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.
- 2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.
- Қазақстан Республикасы президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
- 2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуроры болды.
- 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.
- 2019-2022 жылдары Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарды.
- Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды.
Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:48, 7 шілде 2026
U19 Азия чемпионаты. Алты қазақстандық боксшы 1/4 финалға өтті
-
21:27, 7 шілде 2026
«Күн 41 градусқа дейін ысиды». Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:54, 7 шілде 2026
Жетісуда кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын желіде таратқан күдікті ұсталды
-
19:57, 7 шілде 2026
Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
-
19:48, 7 шілде 2026
Жамбыл облысында дәрігерді балағаттаған ер адам жауапкершілікке тартылды





