Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті - Қазақстан құрамасының нәтижесі

19:28, 7 шілде 2026

© Сурет: olympic.kz

Португалияның Коимбра қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы сапында ерлер арасындағы жекелей секірулерде Никита Тумаков 35-орын, Ерлан Тасмағанбетов 46-орын, Роман Барков 49-орынға жайғасты.

Әйелдер арасындағы жекелей сайыста Евгения Чернышева 35-орыннан көрінсе, Виктория Бутолина 46-орынға тұрақтады.

Ал синхронды секіруде Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағанбетов 13-орынға табан тіресе, Виктория Бутолина және Евгения Чернышева 16-орынмен жарысты аяқтады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!