Аргентина әлем чемпионатынан ұшып кете жаздады: Месси команданы ширек финалға алып шықты

11:15, 8 шілде 2026

© Сурет: Instagram/fifaworldcup

АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz Stadium стадионында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы кезекті матч өтіп, онда Аргентина мен Мысыр құрамалары кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, әлемнің қазіргі чемпионы Аргентина бұл кездесудің фавориті саналғанымен, ойын олар үшін сәтсіз басталды. Матчтың 15-минутында мысырлық Ибрахим гол соғып, өз командасын алға шығарды. 67-минутта Мысыр құрамасы қарымта шабуылды сәтті аяқтап, есепті 2:0-ге жеткізді. Голды Зико соқты.

Екі гол айырмасына қарамастан, аргентиналықтар берілмеді. 79-минутта Кристиан Ромеро баспен гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Ал 83-минутта Лионель Месси керемет соққымен есепті 2:2-ге теңестіріп, командасын қиын жағдайдан алып шықты.

Кездесудің негізгі уақыты аяқталуға жақын қалған сәтте, нақтырақ айтқанда 92-минутта, Аргентина жылдам қарсы шабуыл ұйымдастырды. Шабуылды Энцо Фернандес баспен дәл соққы жасап аяқтап, командасын 3:2 есебімен алға шығарды.

Осылайша, Аргентина құрамасы тартысқа толы кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Келесі кезеңде Аргентина Швейцария құрамасымен кездеседі. Швейцариялықтар 1/8 финалда Колумбияны пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!