Халықтық Конституция: Ербол Қарашөкеев облыс активімен кездесті

17:12, 8 шілде 2026

© Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орай облыс активімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір басшысы қатысушыларды ел өміріндегі тарихи оқиғамен құттықтап, жаңа Ата заңның елдің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз үндеуінде жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі Қазақстанның одан әрі жаңғыруы мен дамуына берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті. Бұл – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртып, әділетті қоғам құруға бағытталған реформалардың жаңа кезеңі. Тарихымызда түбегейлі жаңару мен жасампаздыққа жол ашқан маңызды кезең басталды", – деді Ербол Қарашөкеев.
Ербол Қарашөкеев, Тараз, кездесу, жаңа Конституция, облыс активі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 17:12

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа Конституция аясында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, экономиканы жаңа сапалық деңгейге көтеру, энергетикалық және инфрақұрылымдық әлеуетті нығайту, цифрлық мемлекетті дамыту және адам капиталын арттыру секілді негізгі стратегиялық басымдықтар айқындалған. Бұл міндеттердің барлығы өңірдің тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.

"Конституцияда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағытта Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Заң мен тәртіп", "Таза Қазақстан", "Адал азамат" жалпыұлттық бастамалары заң үстемдігін нығайтып, қоғамдық жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті арттыруға қызмет етеді. Сондықтан Ата заңда айқындалған міндеттерді нақты істермен жүзеге асырып, еліміздің өркендеуіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет", – деді аймақ басшысы.
Кездесу, Тараз, Халықтық Конституция, Ербол Қарашөкеев, облыс активі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 17:12

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында өңірдегі құқық қорғау және сот жүйесінің өкілдері – облыстық сот төрағасы Ерлан Қосмұратов, облыс прокуроры Жандос Әбдібаев және полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның құқық үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылықты нығайтудағы маңызына тоқталды.

Облыс активі, Тараз, Халықтық Конституция, Ербол Қарашөкеев  , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 17:12

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кездесу соңында облыс әкімі мемлекеттік органдарды, құқық қорғау құрылымдарын, депутаттық корпусты, азаматтық қоғам институттарын және облыс тұрғындарын жаңа Конституцияда айқындалған міндеттерді іске асыру жолында өзара тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастықта жұмыс істеуге шақырды.

Кездесу, Тараз, Халықтық Конституция, Ербол Қарашөкеев, облыс активі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 17:12

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!