Жетісуда кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын желіде таратқан күдікті ұсталды

20:54, 7 шілде 2026

© Фото: zakon.kz

Жетісу облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы өкілдерінің қолдауымен интимдік сипаттағы материалдарды заңсыз тарату дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысып, кейін байланысын мессенджерлердің бірі арқылы жалғастырған.


"Қыздың сеніміне кірген ол психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып, сондай-ақ "20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беремін" деп уәде етіп, одан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдарды алған. Кейін күдікті аталған бейнематериалдарды мессенджерлердің біріндегі жабық арналар арқылы заңсыз таратып, одан материалдық пайда тапқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", делінген полиция хабарламасында.

Полиция ата-аналарды балалардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!