40 томнан асатын «Түркі фольклорлық мұрасының антологиясын» қайдан алуға болады

22:44, 7 шілде 2026

© Сурет: Zakon.kz

Қазір аталған антологияның жеті томы жарық көрді. Бұл туралы Бакуде өткен "Түркі әлемі апталығы" кезінде Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық жинақ алдағы үш жылда басылып шығады. "Түркі мәдениеті және мұрасы қоры" президентінің айтуынша, бұл - бауырлас елдерге ортақ мұра. Антологияға қаһармандық және романтикалық эпостар, аңыз бен ертегілер кіреді. Бұған қоса мақал-мәтелдер қосылады. Қор Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен 2012 жылы құрылды. Сол уақыттан бері бірталай жоба іске асты. Кейінгі жылдары қолда бар дүниені цифрлық платформаға енгізу жөнінде қыруар жұмыс атқарылды. Жуырда Қазақстанда өткен Түркі мемлекеттерінің бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірегей мұраны сақтау жөніндегі конвенция әзірлеуді ұсынған еді. Бастама мақсаты – туысқан елдер арасындағы байланысты нығайту, деп хабарлайды 24.kz.

"Бұл конвенция ЮНЕСКО-мен бірегей жұмысты жасап дүниежүзілік ұйымның көмегімен біздің түркі мәдениетінің және түркі мұрасының материалдық, материалдық емес мұрасын сақтау бойынша заңнама ретінде осындай платформа жасауға тапсырма берді. Осы тапсырманы біз қазір жүзеге асырып келеміз, жақында осы күзде немесе ендігі көктемде болсын бүкіл мемлекеттер бірігіп эксперттердің негізінде бір комиссия құрып осы үлкен жұмысты жасап жатырмыз".Ақтоты Райымқұлова, "Түркі мәдениеті және мұрасы қорының" президенті

Бұған дейін Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымының дін мәселелері жөніндегі алғашқы отырысына қатысқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!