Түркістанда Әзербайжан туын жерден көтерген оқушыға ерекше құрмет көрсетілді

13:52, 23 мамыр 2026

© Сурет: polisia.kz

Түркістан қаласында жел ұшырып құлатқан Әзербайжан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, құрметпен орнына қойған 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Базарбайұлын Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы арнайы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістанда түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғам тарапынан оң бағасын алған болатын.

Оқушының бұл әрекеті Қазақстанмен қатар Әзербайжан жұртшылығының да ықыласына ие болып, екі ел арасындағы достық пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.

Кездесу барысында ПД бастығы Арыстанғани Заппаров жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін жоғары бағалап, мұндай әрекет өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен мәдениетінің айқын көрінісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол Нұрсұлтанға рухани құндылықтарды насихаттайтын жазушы Шерхан Мұртазаның кітабын сыйға тартты.

Ал Нұрсұлтан Базарбайұлы бұл кездесудің өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтып, көрсетілген құрметке ризашылығын жеткізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!