Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
© Сурет: olympic.kz
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті.
Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Хаджимусаи 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 23 мамыр 2026
Атырауда мұғалім әйелді жауыздықпен өлтіру ісі сотқа жетті
-
12:10, 23 мамыр 2026
ҰБТ сертификаты енді Малайзия университеттеріне оқуға түсу үшін жарамды
-
11:52, 23 мамыр 2026
23 мамырдағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:10, 23 мамыр 2026
Күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
-
11:05, 23 мамыр 2026
Алматыда түнгі велошеруге байланысты бірнеше көше жабылады





