Таеквондошы Эльдар Бірімбай Моңғолиядағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

14:13, 23 мамыр 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Эльдар Бірімбай Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Азия чемпионатының жартылай финалында Бірімбай ирандық Әмір Бахтияримен кездесті. Иран өкілі жекпе-жекте 2:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Эльдар Бірімбай құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады. Бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Еңсегенов те үздік үштіктен көрінген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!