Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орақ аппаратына кіріп кеткен

18:40, 26 қазан 2026
MKZ: 1574424

© Фото: zakon.kz

Бүгін, 2026 жылы 26 қазанда Түркістан облысы, Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында 17 жастағы жасөспірім жазатайым жағдайға ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, комбайнды жөндеу жұмыстары кезінде жасөспірімнің аяғы ауыл шаруашылығы техникасының орақ аппаратына қысылып қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жасөспірімді босатып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!