Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
© Сурет: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Республика күнінде Атыраудағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жастар мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, гимн шырқалған соң облыс әкімі сөз сөйлеп, жұртшылыққа мерекелік тілегін айтты.
"Республика күні - мемлекеттігіміздің тарихындағы маңызды күн. Бүгін біз өткенімізді қорытындылап, болашақтағы міндеттерімізді айқындаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Елдің ертеңі үшін ортақ жауапкершілік, бірлік пен келісім - біздің алдағы дамуымыздың негізі. Баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасыға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін!", - деді Болат Ақшолақов.
Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:57, 25 қазан 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при кезеңін оныншы орында аяқтады
-
19:00, 25 қазан 2026
Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды
-
18:22, 25 қазан 2026
Қазақстандық балуан Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:53, 25 қазан 2026
Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады
-
17:26, 25 қазан 2026
«Аяз, тұман, көктайғақ». Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





