Түркістан облысында мектепте өрт шықты

19:12, 20 ақпан 2024

© Сурет: Zakon.kz

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп шатыры жанып, қатты түтіндеп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі сағат 15-15-те Түркістан облысы Қазығұрт ауданында мектеп шатыры жанып, қатты түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келгенін мәлімдеді.

Алдын ала болжам бойынша ауданы 100 шаршы метр болатын өрт сағат 16-10-да оқшауланып, 16-50-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті жоюға жеке құрамның 28 адамы, 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.


"Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі - сымдардың қысқа тұйықталуы", - делінген хабарламада.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!