Туристердің басым бөлігі Қазақстанның қай өңіріне баратындығы белгілі болды

10:22, 6 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда орналастыру орындарының жалпы саны 4 167 жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 253 бірлікке артық. Аталған демалыс орындары 3,9 млн келушіні қабылдады, оның 14,2% – шетелдіктер, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, рейтингте қабылданған қонақтар саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Жергілікті қонақүйлер 1 млн келушіні қабылдады. Екінші орында — 667,2 мың келушісі болған Астана. 252,9 мың келушіні қабылдаған Шымкент үшінші орында.

Туристер ең аз баратын облыс — Ұлытау, онда барлығы 13,6 мың келуші тіркелген.

Жарты жыл ішінде көрсетілген қызметтер көлемі 121,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9% артық.

"Өңірлер бөлінісінде қонақтарды қабылдаушы орын саны бойынша Алматы қаласы алғашқы орында – 385 орын, одан кейін Жетісу облысы – 361 орын және Ақмола облысы – 354 орын".ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы

Бұған дейін Конгоның маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакциналарды алғаны хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!