«Тұман, боран, көктайғақ»: 1 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: zakon.kz
Қазақстанның 16 облысында 1 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда 1 қаңтарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың батысында қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде 1 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 1 қаңтарда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болды, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстік жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 1 қаңтарда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстік жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с болады. Шымкентте және Түркістанда 1 қаңтарда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда 1 қаңтарда түнде тұман болады деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түнде Павлодар облысының батысыңда, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 1 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с болмақ.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Жезқазғанда 1 қаңтарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігіндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Күндіз Петропавлда 1 қаңтарда оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
1-3 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда 1-3 қаңтарда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 1-3 қаңтарда кей уақытта тұман , жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. 1 қаңтарда солтүстік-батыстан солтүтсік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 1 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, 2026 жылдың 1, 2 және 3 қаңтарында еліміздің үш ірі мегаполисінде жауын-шашын, көктайғақ, аяз болып, боран соғатыны болжанады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 31 желтоқсан 2025
Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен
-
22:38, 31 желтоқсан 2025
Алматыда Жаңа жыл қарсаңында бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
-
21:57, 31 желтоқсан 2025
Республикалық маңызға ие тағы бір тас жол ішінара жабылды
-
20:52, 31 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген ел азаматтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
-
20:39, 31 желтоқсан 2025
Елорда тұрғындарының өтінішін қабылдайтын қосымша 1 қаңтардан бастап жұмыс істемейді





