Димаш Құдайберген ел азаматтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

20:52, 31 желтоқсан 2025

© Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бүгін, 2025 жылғы 31 желтоқсанда отандастарына бейне үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 жастағы Қазақстанның халық әртісі көпшілікті келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

"Құрметті, ағайын! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Жаңа жыл әр шаңыраққа Құт-Береке, Молшылық пен Қуаныш әкелсін! Дендеріңізге Саулық, отбасыларыңызға Амандық, жүректеріңізге Тыныштық ұялатсын! Барша Армандарыңыз орындалып, әр күндеріңіз Шаттық пен Шабытқа толы болсын! Жаңа жыл тек жақсы жаңалықтарымен келсін! Ізгі-тілекпен мен, Димаш Құдайберген", - дейді Instagram парақшасына жүктеген видеода әнші.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры жайлы қызықты мәліметтер жарияланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!