Қарулы күштердің әскери бөлімінде «Айқас» атты тазы қызмет етеді
© Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ақмола облысындағы 44813 әскери бөлімінде әскери қызметшілермен бірге Айқас есімді көне тазы тұқымынан шыққан ит оқу-жауынгерлік міндеттерді атқарып жүр.
Айқасты бөлімге командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары майор Нұрлыбек Жаманғарин 2020 жылы Қызылорда облысы Арал қаласынан алып келген.
"Тазы иті көшпелілердің үйлесімді өмірін бейнелейтін "жеті қазынаның" қатарына жатады. Айқас менімен бірге бесінші жыл қызмет етіп келеді. Біз үшін маңызды жетістік – Ақмола облысында өткен "Алтын қазына" республикалық тазы жарысында жеңіске жетуіміз және Ақтөбе облысындағы "Салбурын" далалық сынағында жүлделі орын алуымыз, – деді майор Нұрлыбек Жаманғарин.
Бес жыл ішінде Айқас бөлімшенің күнделікті өміріне толықтай бейімделді. Оның күн тәртібі нағыз сарбаздікіндей. Таңертең тұру, ас ішу және оқу-жаттығулар ол үшін қалыпты жағдай.
Әскери тәртіпке үйренген төрт аяқты "жауынгер" саптық жиындарға да қатысады. Ол плацқа бірінші болып келіп, командирдің бұйрығымен ту тұғырының жанында отырады. Салтанатты рәсімдерде Айқас ел рәміздеріне құрмет білдіріп, Мемлекеттік әнұранның әуеніне өзінше үн қосады.
Қызмет барысында Айқас тазы тұқымының ең жақсы қасиеттерін айқын көрсетті. Ол шапшаң, төзімді және тез үйренгіш. Сарбаздармен бірге әуе кеңістігін қорғау міндетін атқаратын әскери бөлім аумағын патрульдеуге шығады. Қырағылығы мен сезімтал есту қабілеті оған күзет міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:35, 31 желтоқсан 2025
Ағаштағы бал мен бақытты бұлғын: Ұлттық парктегі фототұзаққа сирек кадрлар түсірілді
-
13:22, 31 желтоқсан 2025
Танымал қазақстандық фотограф 2025 жылдың ең үздік 12 кадрын ұсынды
-
13:09, 31 желтоқсан 2025
2026 жылғы 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: Астанада –12°С, Алматы мен Шымкентте +4°С-қа дейін жылы
-
13:00, 31 желтоқсан 2025
Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананы қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары аяқталды
-
12:55, 31 желтоқсан 2025
Алматының Жетісу ауданында емхананың жаңа филиалы ашылды





