Республикалық маңызға ие тағы бір тас жол ішінара жабылды

21:57, 31 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Жамбыл облысында республикалық маңызға ие тас жол учаскелерінің бірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 2025 жылы 31 желтоқсанда хабарлады:

"2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы" тас жолының 159-238 шақырым аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды".

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы ұйымдастырылатыны нақтыланады.

Жолды 2026 жылғы 01 қаңтарда, сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!