Түлкібаста жоғалған 16 жасар қыз Шымкенттен табылды

11:53, 12 тамыз 2020

Түркістан облысында үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған 16 жастағы қыз Шымкент қаласынан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының полиция бөліміне хабарласқан жергілікті тұрғын 16 жастағы қызының сағат күндізгі 11:30 шамасында дүкенге шығып кетіп, содан қайта оралмағандығын, таппай жатқандығын айтып, арызданған. Аталған жайтты бірден тіркеуге алған полиция қызметкерлері қызды табу үшін арнайы күшті жұмылдырды. Із-түзсіз жоғалған қызды тез арада табу мақсатында полицейлер такси жүргізушілерінен, жалпы көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Қажетті деп танылған барлық шараларды іске асырды. Нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер қыздың Шымкент қаласындағы сауда орталықтарының бірінің жанында көше бойында жүргенін анықтап, аман-есен тауып, бөлімшеге алып келеді. Қуаныштан көзіне жас алған анасы қызының дін-аман табылғанына қуанып, қырағылық танытқан, полицейлерге ерекше алғысын жеткізді.

– Қызымның жоғалғанын айтып, шағымданғанымнан бастап, полицейлер күні-түні іздестіру жұмыстарын жүргізді. Содан келесі күні қызымды тауып әкелді.Үлкен рахмет!, – деді қыздың анасы.

Тергеу барысында белгілі болғандай, жасөспірім қыздың бұлай үйінен кетіп қалуына отбасында орын алған кішігірім түсінбеушілік себеп болған. Өз кезегінде Түлкібас ауданының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, бақылауда ұстау керектігін айтады. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңді бастан кешіретіндіктерін ескере отырып, ата-анаға олардың пікірлерімен санасып, дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!