Трамп АҚШ-тың әуе қозғалысын басқару жүйесін жаңғыртуға шұғыл қаржы бөлуді талап етті

15:36, 16 қараша 2026
MKZ: 1577985

© Фото: unsplash

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің әуе қозғалысын басқару жүйесін ауқымды жаңғырту үшін Конгрестен шұғыл түрде қаржы бөлуді талап етті. Оның айтуынша, бұл қысқа мерзімде әлемдегі ең үздік жүйелердің бірін құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде қазіргі инфрақұрылымның ескіргеніне назар аударды. Оның айтуынша, қолданыстағы жабдықтардың басым бөлігіне шамамен 50 жыл болған.

"Қазіргі әуе қозғалысын басқару жүйеміздің едәуір бөлігі 50 жыл бұрынғы технологияларға негізделген. Бұл барып тұрған күлкілі жағдай! Біз жұмысты бастап кеттік, бірақ оны аз-аздан емес, толық әрі бірден аяқтауымыз керек", – деп жазды АҚШ президенті.

Ол жобаны жүзеге асыру үшін Конгрестің мақұлдауы мен қажетті қаржы бөлінуі керектігін атап өтті. Трамптың пікірінше, инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңғырту көзделген нәтижеге қысқа мерзімде қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

"Егер Конгресс әуе қозғалысын басқару жүйесіне аса қажетті қаржыны мақұлдаса, біз оны жылдам әрі тиімді түрде жаңарта аламыз. Нәтижесінде әлемдегі ең үздік жүйе пайда болады. Конгресс келісім беруі керек", – деді Трамп.

Сонымен қатар президент Джо Байден әкімшілігін қазіргі жүйені жаңғырту жұмыстарын бірнеше жылға кейін шегерді деп айыптады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!