Шығыс Қазақстандағы екі жаңа әуежайдың құрылысы қай кезеңде
© Сурет: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ
Шығыс Қазақстан облысында Зайсан және Катонқарағай әуежайлары салынып жатыр. Олардың бірін сертификаттау рәсімі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мәліметінше, Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, ұшақтардың жерде жүруіне арналған жолдың, кірме жолдар мен негізгі инженерлік желілердің құрылысы аяқталған. Сондай-ақ жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтар орнатылған.
"Қазір әуежай инфрақұрылымына кіретін ғимараттарда әрлеу, жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жалғасып жатыр. Жобаны іске асырудың соңғы кезеңдерінің бірі ретінде Зайсан әуеайлағын сертификаттау рәсімі басталды. Оны Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жүргізеді", – деп хабарлады ведомство 2026 жылғы 16 қарашада.
Катонқарағай әуежайында ұшу-қону жолағының, перронның, ұшақтардың жерде жүруіне арналған жолдың және блокты-модульдік қазандықтың құрылысы аяқталған. Сонымен қатар республикалық маңызы бар автожолды басқа жерге көшіру жұмыстары біткен.
Қазір инженерлік желілер мен тазарту құрылыстарын салу, әуежай инфрақұрылымына кіретін ғимараттарды әрлеу және аэронавигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.
Әуежайлардың құрылысы 2024 жылы басталған. Зайсандағы әуежайдың құны шамамен 68 млрд теңгені, Катонқарағайдағы әуежайдың құны шамамен 89 млрд теңгені құрайды. Екі әуежайды да 2027 жылдың бірінші жартысында іске қосу жоспарланып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:54, 16 қараша 2026
Астанада бойжеткен көпірден құлап, құтқарушылардың көмегімен аман қалды
-
14:43, 16 қараша 2026
Тәрбиешілердің өзі зорлық көрсеткен: министр балабақшалардағы жағдайды айтты
-
14:34, 16 қараша 2026
Бауыржан Шалекенов Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімін басқарады
-
14:28, 16 қараша 2026
Алматыда ҚазҰУ студентінің өліміне байланысты күдікті ұсталды
-
14:15, 16 қараша 2026
Қыс келуге асығар емес: Алматыда күн суытқаннан кейін ауа температурасы +13°С-қа дейін көтеріледі





