Джонни Депп АҚШ-тағы өмірі не себепті қиын екенін айтты
© Сурет: Instagram/johnnydepp
Голливуд актері Джонни Депп уақытының басым бөлігін тыныштық пен оңашада демалуға мүмкіндік беретін Багам аралдарында өткізетінін айтты. Оның сөзінше, АҚШ-та айналасындағылардың үнемі назар аударуы мен папарацци камераларына байланысты жеке өмірін жасыру қиын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Fox News басылымының жазуынша, Депп аралдағы ағаш үйді 2004 жылы сатып алған. Кейін ол сол жерге киіз үй тігіп, жеке көркемсурет шеберханасын ашқан.
"Мен дәл осы жерден толық тыныштық таптым. Мұнда ешкім маған камерасын бағыттап, қадала қарамайды. Өнер әлі де менің панам болып қала береді. Ол айналамдағы әлемді түсінуге көмектеседі", – деді актер.
Аралда Депп кітап оқиды, гитарада ойнайды және сурет салады. Бұған дейін ол бұл мекенді көпшіліктің назарынан алыстап, өзін қарапайым адам ретінде сезінуге мүмкіндік беретін орын деп атаған.
Сонымен қатар актер балаларының мансабына қалай әсер еткені туралы да айтты. Оның сөзінше, тұңғышы дүниеге келгеннен кейін өмірге деген көзқарасы өзгеріп, не үшін жұмыс істейтінін түсінген.
"Алғашқы балам дүниеге келгенде, көзімдегі перде ашылғандай болды. Кенеттен осының бәрі не үшін қажет екенін түсіндім", – деп мойындады Депп.
Актердің бұрынғы сүйіктісі, француз әншісі әрі актриса Ванесса Парадиден екі ересек баласы бар. Олар – қызы Лили-Роуз және ұлы Джек.
Еске салайық, бұған дейін Джонни Депптің "Кариб теңізінің қарақшылары" франшизасына қайта оралу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 16 қараша 2026
16 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы өзгеріссіз қалды
-
15:41, 16 қараша 2026
Ақорда Ермек Сағымбаевтың ҰҚК төрағасы қызметінен босатылу себептерін түсіндірді
-
15:36, 16 қараша 2026
Трамп АҚШ-тың әуе қозғалысын басқару жүйесін жаңғыртуға шұғыл қаржы бөлуді талап етті
-
15:26, 16 қараша 2026
ІІМ Семейде жасөспірімнің өзіне қол жұмсағанын растады
-
15:08, 16 қараша 2026
Шығыс Қазақстандағы екі жаңа әуежайдың құрылысы қай кезеңде





