Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару жөнінде шешім қабылдады
© Фото: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп елді 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті мәлімдеме Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған. Онда аталған ұйымдардың "енді АҚШ-тың мүддесіне қызмет етпейтіні" айтылған.
Вашингтон әкімшілігі басшысының нұсқауына сәйкес, АҚШ-тың барлық федералдық мекемелері БҰҰ-ның 31 құрылымы мен БҰҰ-ға кірмейтін 35 ұйымның жұмысына қатысуды және оларды қаржыландыруды тоқтатуы тиіс.
Мәлімдемеде: "Бұл ұйымдардың көпшілігі радикалды климаттық саясатты, жаһандық басқару тетіктерін және АҚШ-тың егемендігі мен экономикалық қуатына қайшы келетін идеологиялық бағдарламаларды алға тартады", – деп көрсетілген.
Жарияланымда нақты қай ұйымдар екені атап көрсетілмеген.
Бұл шешім АҚШ салық төлеушілерінің халықаралық ұйымдарды қаржыландыруға миллиардтаған доллар жұмсағанымен, оның қайтарымы мардымсыз болғанымен түсіндірілген.
Ақ үйдің баспасөз қызметі Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғалы бері АҚШ мына ұйымдардан шығып үлгергенін еске салды:
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ);
- Климат жөніндегі Париж келісімі;
- БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі;
- БҰҰ-ның Палестина босқындарына көмек көрсету жөніндегі агенттігі (БАПОР).
Бұған дейін Венесуэланың уақытша билігі АҚШ-ты 30-дан 50 миллион баррельге дейінгі жоғары сапалы мұнаймен қамтамасыз ететін болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:15, 9 қаңтар 2026
ҰҚК Қазақстан бойынша 20 қылмыстық топтың жолын кесті: ондаған адам ұсталды, қару-жарақ тәркіленді
-
10:04, 9 қаңтар 2026
130 миллион теңгемен қашып кеткен: Түркия Қазақстан азаматын экстрадициялады
-
09:53, 9 қаңтар 2026
Павлодарлық орманшылар ашыққан аң-құсты өздері тамақтандыруда
-
09:41, 9 қаңтар 2026
Тобыл қаласының тұрғыны өрт кезінде зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді
-
09:27, 9 қаңтар 2026
Мәдениет министрлігі Әуезов театрының реконструкциясы туралы ақпаратқа түсініктеме берді





