Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Испаниядағы турнирдің 1/4 финалына шықты

19:58, 8 қаңтар 2026

© Сурет: instagram/_maestroamir_

Жаңа теннис маусымын қазақстандық көшбасшылар – Елена Рыбакина мен Александр Бубликпен қатар, елдің жас буын өкілдері де табысты бастады. Солардың ішінде 18 жастағы Әмір Омарханов ерекше көзге түсіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі осы күндері Испанияның Манакор қаласында өтіп жатқан хард төсенішіндегі турнирде өнер көрсетіп жатыр.

ATP рейтингінде 826-орында тұрған Әмір Омарханов жергілікті ITF Men 15 турниріне төртінші нөмірмен тіркеліп, ел намысын қорғап жүр.

Омарханов жарыстың алғашқы кезеңінде аса тартысты үш сетке созылған матчта 23 жастағы америкалық, әлемнің бұрынғы 736-ракеткасы Гавин Янгты 4:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Қарағандылық теннисші одан кейінгі кездесуінде италиялық Филиппо Альбертиді (ATP №1272) 7:6, 6:2 нәтижесімен тізе бүктірді.

Әмір Омархановтың ширек финалдағы қарсыласы Себастьян Фанселоу (Германия) мен Ярослав Демин (Ресей) арасындағы матч аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Әмір екі ай бұрын жасөспірімдер теннисімен қоштасқан. Ал оның орнын қазақстандық тағы бір жас талант – Заңғар Нұрланұлы басып, жақын уақытта жасөспірімдер арасындағы Australian Open турниріне әлемнің 12-ракеткасы ретінде қатысады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!